Previous Page  178 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 178 / 216 Next Page
Page Background

178

Қажылық

Ораза ұстау іштей бес түрге бөлінеді:

уәжіб

(міндетті),

мүстәхәб

(қошеметті),

нәфилә

(қосымша),

мәкруһ

(мәжбүрлі),

хәрәм

(тыйым салынған). Уәжіб

оразаға Рамадан айындағы ораза мен тамақ ішуге ша-

масы жетпейтін кейбір жағдайлардағы кәффәрәт ораза,

яғни күнәлардан тазартатын ораза жатады. Мүстәхәб

оразаны Шәууәл айында алты күн бойы, Зү-л-хижжә

айының 9-күні, яғни Арафат күні, Мүхәррәм айының

10-күні болатын Ашура күні, Шағбан айының орта-

сында, дүйсенбі мен бейсенбі күндері, әрбір айдың

«бақытты күндері» ұстауға болады. Әрбір айдың

«бақытты күндеріне»Шағбан және қасиетті төрт айдың

(Зү-л-қағда, Зү-л-хижжә, Мүхәррәм, Рәжәб) алғашқы

үш күндері жатады.

Мүстәхәб ораза күндерінен басқа күндері

мұсылман адам өз еркімен ораза тұтса, оны нәфилә

ораза деп атайды.

Мәкруһ ораза деп жұма күні мұсылман адам

жалғыз өзі ұстайтын оразаны айтады. Шағбан айының

соңғы 29-шы күнімен Рамадан айының 1-күнінің

арасындағы түнде жаңа Ай туу керек. Сол мезгілден

бастап ауыз бекітіп, Рамадан айының оразасы баста-

лады. Егер сол түні жаңа Ай туғаны байқалмаса, оны

күмән келтірген күн деп, Шағбан айының 30-күніне са-

нап, мәкруһ ораза ұстаған болып есептеледі. Егер әйел

күйеуінің рұқсатынсыз өз еркімен ораза тұтса, оны да

мәкруһ оразаға жатқызады.

Ораза айты мен Құрбан айтында, Зү-л-хижжә

айының 10-күнінен кейін, яғни құрбандық шалатын

күннен кейінгі үш күнде («ташриқ күндері») ұстаған

оразаны хәрәм ораза дейді. Етеккірі келген, не жаңа

босанған әйелдің оразасы және «Ораза ұстасам, өліп