179
қалармын» деп қорыққан адамның оразасы да хәрәм
оразаға жатады.
Сонымен ораза ұстаған мұсылман күн шыққанға
дейін (сүхүр мезгілінде) соңғы рет ауқаттанып, ауыз
бекітеді. Ауыз бекіткен адам күні бойы тамақтан
бас тартады, бос әңгіме құрмайды, дауыс көтеріп
айғайламайды,балағатсөзайтпайды,ашушақырмайды.
Ораза кезінде мұсылман мейірімді болып, қайырымды
істермен айналысады, садақа береді, Құран кәрімді
оқып, Алла тағаланың сауабына ие болады. Ораза
түндері мұсылман елмен бірге мешітке барып, тарауых
намазын оқиды.
Қажылық кезінде мешіттің ішінде отырып, Құран
оқу сауапты іс болып саналады. Алайда, араб әліппесін
танымайтын мұсылман Алла тағаланың сөзі жазылған
Құран кәрімді оқи алмайтынын сезініп, қынжылады.
Сондай мұсылманға көмек болу үшін келесі тарауды
арнадық.
Құран оқу
Құран – мұсылмандардың қасиетті кітабы.
«Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан.
Алла тағаланың сөзі жазылған бұл қасиетті кітапты
мұсылмандар «Құран кәрим» («Шарапатты Құран»),
«Китәб кәрим» («Жомарт Кітап»), «Китәб шәриф»
(«Атақты Кітап»), «Китәбу-л-лаһи» («Алланың
Кітабы»), «Китәб ғазиз» («Құдіретті Кітап»), «Зикр
хәким» («Даналықты еске алу»), «Кәләм шәриф»
(«Адал сөз»), «Мусхәф шәриф» («Қасиетті Қолжазба»)
деп атайды.
Құран 114 сүреден тұрады. Кітапта сүрелер
көлеміне қарай орналасқан. Құран жеті аяттан тұратын