Previous Page  180 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 216 Next Page
Page Background

180

Қажылық

«Фатиха» («Кітаптыашушы») сүресінен басталады. Бұл

сүрені «Умму-л-китәб» («Кітаптың анасы») деп те атай-

ды. «Фатиха» сүресінде Исламның негізгі қағидалары

айтылған. «Фатиханы» оқып болған соң «әмин» деп

қайырады.

Барлық сүрелер «

би-исми-л-лаһи-р-рахмани-р-

рахиим

» деп басталады. Алайда, бұл дәстүр 9-сүреде

сақталмаған, өйткені ол алғашқысында 8-сүренІң

жалғасы болған.

Сүрелер аяттардан тұрады. Құрандағы ең ұзақ сүре

- 2-сүре, онда 286 аят бар. Ал ең қысқа сүрелерге 103-

ші, 108-ші, 110-шы сүрелер жатады, оларда не бәрі үш

аяттан бар. Аят - бұл сөз, не сөз тіркесі немесе сөйлем.

Аятта 1-ден 68-ге дейін сөз бар. Әртүрлі жолмен есеп-

теуге байланысты Құранда 6204-тен 6236-ға дейін аят

бар. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77 мың 934

сөзі жазылған.

Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

) алғаш рет Алланың

сөзін Рамазан айында естіген, сондықтан мұсылмандар

осы мүбәрәк айында ораза ұстауды парыз санайды.

Алла тағалаМұхаммед пайғамбарға (

с.а.с.

) қасиеттІ

сөздерді біртіндеп жіберіп отырған. Пайғамбарымыз

Алланың сөзін алдымен Меккеде, одан кейін Мәдинеде

Жәбірейіл періште арқылы естіп, өз қауымына

жариялаған. Осыған байланысты Құранның сүрелері

меккелік және мәдинелік болып екіге бөлінеді.

Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мәдинелік сүрелердің

саны - 24. Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

) Алла тағаладан

Құрандағы 114 сүрені мына тәртіппен қабыл алған:

Бірінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 96, 74, 111, 106,

108, 104, 107, 102, 105, 92, 90, 94 93, 97, 86, 91, 80, 68, 87,