173
«
сүбхана рабба-л-ағла
» («барлық мақтау – жоғары
мәртебелі Иеме») деп айтады.
Жүліс
– басты жайнамаздан көтергенде тәкбир ай-
тып, дененің салмағын сол аяққа түcipe отыру. Отырған
қалыпта «
аллаһумма иғфир лифи йәумйақуму-л-хисәәб
»
(«Иә, Алла! Қиямет күнінде мені кешіре гөp») деп дұға
оқиды.
Eкінші рет сәждеге бас қойып, «
сүбхана рабби-л-
ағла
» деп үш рет айтып, орнынан тұрады. Міне, осы-
мен намаздың бip бөлімі бітеді.
Намаз бірнеше бөлімнен тұрады, бөлімді «рәкәт»
дейді. Рәкәттің eкі түpi болады: парыз рәкәт және нәфіл
(қосымша) рәкәт. Нәфіл рәкәттар парыз рәкәттардың
алдында да, соңында да келеді. Бес уақыт намаз 17
парыз, 12 нәфіл рәкәттан тұрады. Әр намаздың парыз
және нафіл рәкәттар саны әртүрлі. Памдаттың eкі па-
рыз pәкәті Адам Атадан, Бесіннің төрт парыз рәкәті
Ибраһим пайғамбардан, Haмaздыгepдiң төрт парыз
рәкәті Салық пайғамбардан, Намазшамның үш парыз
рәкәті Иса пайғамбардан, Құтпанның төрт парыз рәкәті
Мұса пайғамбардан (
ғалейһим ас-салат уә-с-сәләм
)
мұсылмандарға мұра болып қалған.
Исламның бес қазығының бipi –
зекет
. Мұхаммед
пайғамбарымыз (
с.а.с.
) зекетті Исламның шаңырағы
деп атаған. Мұсылманның бұл парызы һижра жыл
санауының екінші жылынан, яғни 624 жылдан кең
етек алды. Сүбхана Алла тағала дәулетті адамдарға
кедей-мүсәпірлерге көмектесуді парыз еткен. Құран
кәрімнің «әл-Мүіминун» сүресінің 1-4 аяттарында
«Бос әңгімеден бойын аулақ ұстайтын, зекет беретін,
намазда момын иман келтіргендер бақытты» делінген.