170
Қажылық
мұсылмандардың болмашы күнәларын кешіруді Алла
тағаладан сұрайды. Барлық адамдар қыл көпір – си-
раттан өтеді. Күнәға батқандар көпірден құлап, тозақ
отына күйеді, ал тақуалы мұсылмандар жаннат бағына
кіреді.
«
Уә-л-қадри хайриһи уә шәрриһи мин Алла тағала
»
– «Алла тағала жақсылық та, жамандық та жасай ала-
тынына құдіретті екеніне иман келтірдім». Адамдар
жаксылық пен жамандықты айыру үшін Алла тағала
дүниені қарама-қайшылыққа толы етіп жаратқан.
Бұ жалған дүние ақ пен қарадан, жауыздық пен
мейірімділіктен, өмір мен өлімнен, күн мен түннен,
суық пен ыстықтан, махаббат пен жеккөрініштен ...
тұрады. Осының барлығы адамдарға үлкен сынақ. Ол
осы қарама-қарсы дүниелердің тек қана жақсылыққа
шақыратынын таңдай білу керек.
«
Уә-л-бағси бағдә-л-мәут
» – «өлімнен кейінгі
тіршілікке иман келтірдім». Сүбхана Алла тағала екі
дүние жаратқан. Бұ дүниеде адам мұсылман болып,
салихалы өмір сүрсе, О дүниеде жұмаққа кіреді. Бұ
дүние – жалған, О дүние – мәңгілік.
Міне, адам осы айтқандардың барлығына иман
келтірсе, онда ол бес парызының алғашқысын, яғни
шаһадат айтуды орындаған болып саналады.
Исламның екінші қазығы –
намаз оқу
. Намаз –
Жаратқан Иeci мен құлы арасындағы байланыс жолы.
Құран кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 31-аятында Алла
тағала былай деп айтқан екен: «Менің иман келтірген
құлдарыма айт: «Намазға тұрсын!Не сатуғаболмайтын,
не достық жүрмейтін күн туғанша оларға жасырын да
ашық та сыйлағанымыздан таратсын».
Садақа-л-лаһу-
л-азым (Teңдесі жоқ Алланың айтқаны - шындық).