Previous Page  165 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 216 Next Page
Page Background

165

Мағынасы:

Мен Алладан басқа құдай жоқ екеніне куә бола-

мын және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куә

боламын.

Осы шаһадатты үш рет қайталаған адам Ислам

дінін қабылдап, ақиқат жолына түскен болып сана-

лады. Ол адам бүкіл дүниені жаратушы тек қана бір

құдай - сүбхана Алла тағала екеніне, оның адамзатқа

жіберген ең соңғы елшісі – Мұхаммед пайғамбарымыз

(

с.а.с.

) екеніне еш күмән келтірмей, шексіз сенеді.

Шаһадаттың синонимі – «иман ижмали» («тұтас

иман»). Ал «иман тафсыйли» («толық иман») мына

қасиетті сөздерден тұрады:

Оқылуы:

Әмәнту би-л-лаһи уә мәләкәәтиһи уә күтүбиһи

уә рүсүлиһи уә-л-йәуми-л ахири уә-л-қадри хайриһи уә

шәрриһи мин Алла тағала уә-л-бағси-бағдә-л-мәут.

Мағынасы:

Мен Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына,

елшілеріне, ақырет күніне, Алла тағала жақсылық

та, жамандық та жасай алатынына құдіретті екеніне,

өлімнен кейінгі тіршілікке иман келтірдім.

Енді осы «иман тафсыйлидің» әрбір сөзін тал-

дап, мағынасына терең үңілейік. «

Әмәнту би-л-лаһи

»

дегеніміз «Аллаға иман келтірдім» деген сөз, яғни

Алла тағала бар, одан асқан күш те, құдірет те жоқ, ол

жалғыз, ол ешкімнен туылған жоқ, ешкімді туған жоқ.

Ол – мәңгілік.

«

Уә мәләкәәтиһи

» – «оның періштелеріне иман

келтірдім». Сүбхана Алла тағала ақыл-есі бар үш түрлі