Previous Page  164 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 216 Next Page
Page Background

164

Қажылық

Исламның бес қазығы

Ислам – сүбхана Алла тағаланың ақиқат жолы,

Мұхаммед пайғамбарымыз (

салла-л-лаһу ғалейһи уә

сәлләмә

) мұсылмандарды осы ақиқат жолмен бастап,

Ислам жайында былай деген екен: «Ислам бес қазыққа

негізделген: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед

оның елшісі» деп шаһадат айту, бес уақыт намаз оқу,

зекет беру, Рамадан айында ораза ұстау және қажылық

жасау». Осы бес қазықты арабтар «әркән-әд-дин» десе,

қазақтар мұсылманның бес парызы деп атайды.

Сүбхана Алла тағала – «Ең жоғары мәртебелі

Алланың даңқы арта берсін» деген сөз. Алланың атын

ауызға алғанда бір сөзбен айтуға болмайды. Жаратқан

Иеміздің тоқсан тоғыз теңеуі бар, солардың біреуін

қосып айтқан абзал болады.

Салла-л-лаһу ғалейһи уә сәлләмә (

с.а.с.

) – «Алла

оны жарылқасын және қолдасын» деген мағына береді.

Мұхаммед пайғамбарымыздың атын атағанда бұл сөз

тіркесі міндетті түрде қосылып айтылады. Сол сияқты

басқа да пайғамбарларды еске алғанда осы сөз тіркесін

немесе оның қысқарған түрі «

ғалейһи-с-сәләмді

» (

ғ.с.

)

қосып айтады.

Шаһадат айту

дегеніміз Ислам дінін қабылда-

ғанын куә ететін мына қасиетті сөздерге иман келтіру:

Оқылуы:

Әшһәдү ән лә иләһә илла-л-ла

уә әшһәдү әннә Мүхәммәдән абдуһу уә рәсүлүһү.