167
перілермен адамдарды азғыруға кірісті. Ең алдымен
Ібіліс шайтан Жұмақта өмір сүрген Адам Ата мен Һауа
Ананы азғырып, Алла тағала тыйым салған жеміс
ағашынан жеміс жегіздіртіп, Жаратқан Иенің қаһарына
душар еткізді. Жаратқан Иеміз Адам Ата мен Һауа Ана-
ны Жерге түсіріп, ақырет күніне дейін күнәларынан
тазаруға әмір етті. Содан бері Адам Ата мен Һауа
Ананың ұрпақтары, яғни адамдар Алла тағаланың
сөзі жазылған қасиетті Құран кәрімді оқығанда, не
жаңа бір істі бастағанда «
ағуузу би-л-лаһи мин аш-
шайтаани-р-ражиим,
би-исми-л-лаһи-р-рахмани-р-
рахиим
» («Қарғыс атқан шайтанға қарсы Алладан күш
сұраймын, Қайырымды, рақымды Алла атымен бас-
таймын» деп Алла тағалаға құлшылық етіп отырады.
Міне, осы айтылғандарға иман келтіру керек.
«
Уә күтүбиһи
» дегеніміз «кітаптарына иман
келтірдім». Сүбхана Алла тағала адамзат тарихының әр
белестерінде аспаннан қасиетті жазуларды елшілеріне
түсіріп отырған. Барлық қасиетті жазулардың негізгі
мақсаты - адамдарға жалғыз Жаратушы Ие бар екенін
уағыздау.
Алла тағала адамдарға төрт кітап жіберген: Тау-
ратты Мұса пайғамбарға (
ғ.с.
), Інжілді Иса пайғамбарға
(
ғ.с.
), Зәбүрді Дауд пайғамбарға (
ғ.с.
). Және Алла тағала
өзінің ең соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбарға (
с.а.с.
)
ғаламдағы барлық мәселелерді қамтитын қасиетті кітап
– Құран кәрімді Жәбірейіл періште арқылы жіберген.
Құран кәрім – Алла тағала жіберген барлық қасиетті
жазулардың жиынтығы, қорытындысы.
«
Уә рүсүлиһи
» – «пайғамбарларына иман келтір-
дім». Сүбхана Алла тағала өзінің әмірін, сөздерін
адамдарға
жеткізу
үшін
олардың
арасынан