Previous Page  166 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 216 Next Page
Page Background

166

Қажылық

мақлұқтарды жаратты: оттан періштелер мен жындар-

ды, топырақтан адамды. Періштелерде тек болмайды,

яғни ұрғашы, еркек деп бөлінбейді. Олар аспанда өмір

сүреді, Жұмақты күзетеді, Алла тағала тағының айна-

ласында болып, оған мақтау айтады. Періштелер Жерге

де түсіп, адамдарғажебеу болады, пайғамбарларғаАлла

тағаланың сөзін жеткізген, адамдардың іс-әрекеттерін

жазып отырады. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз

«маңдайға жазылған» деп тәубеге келіп отырған.

Әрперіштеніңөзінежүктелгенміндеті бар.Әсіресе,

Алла тағалаға жақын жүретін төрт періште бар, оларды

«мұқаррибтер» деп атайды. Олар: Алла тағаланың сөзін

Мұхаммед пайғамбарға (

с.а.с.

) жеткізген Жәбірейіл

періште, Алла тағала жаратқан бүкіл ғаламды

бақылаушы Микал періште, Қиямет күнін келгенін

хабарлайтын Ысрапыл періште, адамның жанын ала-

тын Әзірейіл періште. Мұқарриб періштелермен қатар

Нәкір мен Мүнкәр дейтін көр перІштелері, Жұмақты

күзететін Ридуән періште, Тозақтың күзетшісі - Мәлік

періште бар. Әрбір адамдыекі періштежебеп, қорғайды.

Олар адамның барлық жақсы-жаман іс-әрекеттерін жа-

зып отырады.

Алла тағала Адам Атаны топырақтан жаратты,

сосын барлық періштелер мен жындарға Адам Атаға

тағзым етіп, бас июге әмір қылды. Алайда, оттан

жаратылған Ібіліс шайтан Жаратқан Иенің әміріне

қарсы шығып, карғысқа ұшырады. Қарғыс атқан

Ібіліс шайтан Алла тағаладан «Ақырет күніне дейін

адамдарды азғырамын, олар Сенен безеді, Сені жоққа

шығарады» деп, осы арам ойын іске асыруға мұрсат

сұрады. Құдіретті де күшті Алла тағала оған бұл

мүмкіндікті берді. Сөйтіп, Ібіліс шайтан кейбір жын-