110
Хикмет
баспа үйі
соңында қураған қүрма сабағына (тырнақша) айна-
латын аралық белгілегенбіз. Күн айға жете алмай-
ды. Түн күндізді басып оза алмайды. Әр қайсысы өз
жолында жүзеді».
(Ясин сүресі 37-40)
«Біз осы мысалдарды адам үшін береміз; бірақ
оларды тек білетіндер ғана ойлап, түсіне алады».
(Әнкабут сүресі 43)
Адам өмірінде тәфәккүр мен сезім тереңдігін
қаншалықты көтеріліп, қабілетке ие болса, иләһи
махаббаттан соншалықты нәсіп алып, өлімнен
соңғы бақыт, соншалықты дәрежеде артады. Тарих
бойы пайғамбарлар, әулиелер және ойшыл салих-
тар, әлемді түсінудегі қабілеттің жанды мысалдары.
Адамның жаратылысында және ұжданның түбінде
мағрифатұллаһ, яғни Рабты жүрекпен тану қабілеті,
хақ сезімі, қатты сену мен байлану қажеттілігі
жасырылған.
Басына
іс
түскен
ғапылдардың,
өмір
қиыншылықтарын басынан өткізген кәпірлердің
қиналып жалғыздықпен бетпе-бет келген сәтінде осы
табиғи қасиеттің жетелеуімен Аллаһқа бет бұруы,
иләһи құдіреттен көмек сұрау қажеттілігін сезіну-
лері - адамның жаратылу мақсатының қажеттілігі.
Алайда осы қабілетті өлтіріп, осы әлемде иләһи
құдірет ағысынан және өнер ғажайыптарынан алыс
әрі немк,үрайлы қарағандар, осы ғибрат әлемінде
түнеріп өмір сүргендер, дүниеде ойнаған соқыртеке
ойынын ақыретте де жалғастыратын болады. Аят
кәримәлерде былай делінеді:
«Теккөз ғана соқыр болмайды, кеудедегі жүректер
де соқыр болады».
(Хаж сүресі 46)