222
Хикмет
баспа үйі
«Алыңыз, мына сүт сіздікі?» - деді.
Таң қалып:
«Қалайша? Мен сізден сүт сұраған жоқпын ғой!»
- дедім.
Әлгі нәзік сезімді адам:
«Мен абайсызда сиырларымның біреуі сіздің
бағыңызға кіріп жайылғанын көрдім. Сол үшін бұл
сүт сіздікі. Әрі сол сиырдың жеген шебінің күші де-
несінен әбден шыққанға дейінгі сүтін сізге алып ке-
лемін...» - деді.
Мен:
«Сөз болып па көрші? Жегені шөп емес пе? Халал
болсын!» - десем де, Молла Рәби:
«Жо-жоқ, олай болмайды! Оның сүті сіздің
хақыңыз!» - деп жануардың аталмыш уақыты біткен-
ге дейін сүтін бізге әкеліп түрады.
Сол мүбәрәк адамның қимылы маған қатты әсер
етті. Ақыры, көзімдегі ғапылдық пердесін ашып,
ішіме һидайят күні туды. Өзіме өзім:
«Осындай ұлы ахлаққа ие адамның діні әлбетте ең
ұлы дін. Осындай сыпайы, әділ, кәміл және пәк адам-
дар жетілдірген діннің туралығынан күмәндануға
болмас!» - деп, иман айтып, мұсылман болдым».
Осы ізгіліктермен қатар хадис шәрифте айтылган:
«Адамдарға сондай бір заман келеді, адам малды
адалдан немесе арамнан тапқандығына еш көңіл
бөлмейді»
(Бұхари, Бүю, 7, 23)
түріндегі ғапылдықтардың
орын алуы - өкінішті жағдайлар.