Хикмет
баспа үйі
223
Алайда, діннің қойған қағидаларын орындама-
удан туындаған жазаларжеке басқа байланысты
болып, көбінесе ақыреткетән болса, харам мал та-
будан туындаған бәле, оны тапқанда үлес қоспаған
болашақ ұрпақтарды да қамтиды. Сонымен қатар
мұның ащысы тек ақыретке ғана қалмай, адамдар-
дан осы дүниеде де шығады. Хапық осы мәнді сезіп,
оны: «Атасы піспеген жемісжепті, немересінің тісі
сыздапты!» түрінде нақылға айналдырған. Харам
байлыққа мирасшы болғандардың көбінесе тура жол-
да жүре алмайтындығы да шындық. Өйткені, ақшада
бір сыр бар; ол келген жолымен кетеді. Келген жолы
харам болған мал мирасшысын соңына тағып, жа-
ман жолдарға сүйрейді. Мұндай мал жылан сияқты.
Жылан қалайша шыққан тесігіне кірсе, малдың
жұмсалатын жері де табыстың түрімен байланысты.
Иман мен тақуалық бағытында қолданылмаған
малдың пасықтық пен үпірлікке жетелейтіндігі аят
кәримәде Мұсаның (алейһиссәләм) тілімен қандай
тамаша баяндалады:
«Мұса: «Раббымыз! Расында, сен Перғауын мен
шонжар-ларына дүние өмірінде әшекейлер мен мал
бердің. Раббымыз! Сенің жолыңнан адасулары үшін
бе? Раббымыз! Малдарын жоқ қыл, жүректерін қыс.
Өйткені олар жан күйзелтуші азапты көрмейінше,
сенбейді...» - деді».
(Юнус сүресі 88)
Өкінішке орай, кейбіреулер, дұрыс сауда жа-
салса табыстың болмайтындығына сенеді. Бұлар
ғапылдықтың белгісі ақиқатты көрмеу және иләһи
үлес жоспарын жоққа шығару, осы қателікке тап
болғандардың ойынша малын қаншама рет Аллаһ пен