Previous Page  219 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 219 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

221

«Ей, Хафс! Тауарда мынадай кемшіліктер бар.

Тұтынушыға осыны айт та, осынша арзанға сат!» - де-

ген еді.

Хафс тауардыИмам белгілеген бағаға сатқан, бірақ

ондағы кемшілікті тұтынушыға айтуды ұмытып кет-

кен еді. Жағдайды естіген Әбу Ханифа Хазірет Хаф-

стан:

«Матаны алған адамды танисың ба?» - деп

сұрады.

Хафс тұтынушыны танымайтындығын айтқан соң

Имам барлық тауарды садақа етіп таратты. Өйткені

ол барлық жағынан Расулуллаһтың (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Амрға айтқан:

«Ей, Амр салих адам үшін салих тауар қандай

жақсы!»

(

Ахмед бин Ханбал, Мүснәд, IV, 197, 202)

ақиқатын

түсініп, халал мен харам турасында тақуалық

өлшемімен әрекет еткен еді. Өйткені, халал мен

харамға көңіл белу бізге аманат етілген мал-мүліктің

тазалығы мен ақыретте сұрауының болатындығы ту-

расынан өте маңызды қажеттілік.

Халал тамақ үшін саудаға харам араластырмау-

дың маңызы мен берекетін марқұм әкем Мұса Мырза

мына оқиға арқылы түсіндіретін:

«Мұсылман болған армян бір көршіміз бар еді. Бір

күні одан өзінен һидайятқа келу себебін сұрағанымда,

былай деді:

«Ажыбадемде егістік көршім Рәби Молланың

саудадағы тамаша ахлағы арқылы мұсылман бол-

дым. Молла Рәби сүт сатып күн көретін адам еді. Бір

ақшам уақытында бізге келіп: