Previous Page  215 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

217

Екінші жағынан, Исламның экономикалық

жүйесінде сақтау, яғни құнын өсіру үшін тауар-

ды қоймаға салып қою да дұрыс емес. Ол қоғамның

материалдық

шығыны.

Хазіреті

Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоймалағандарға

қарғыс ететін. Хадисте былай делінеді:

«Тауарын сатуға шығарған батыл саудагер

ризықтандырылады, оданда қымбатқа сату үшін

тауарын қолында ұстап сақгаған саудагер болса,

малғұн».

(Ибн Маже, Тижарет, 6)

Ислам саудаға байланысты қағидаларды негізі-

нен оның табылу жолдары мен жұмсалу істерін де

көрсетеді.

Құран Кәрим екі жақтың ризашылығымен орын-

далуы қажет болған сауда-саттық ісінен басқа

қатынастарды харам санап:

«Мал-мүліктеріңці араларында заңсыз жолмен

жемеңдері»

- деп бұйырады.

Аят кәрима былай дейді:

«Ей, иман етушілер! Екі жақгың ризашылығына

сүйенген саудадан басқа, мал-мүліктеріңді, харам

жолдармен араларыңда

(алып-сатып)

жемеңдер!

Және өздеріңді өлтірмеңдер! Аллаһ сендерге өте

мейірімді».

(Ниса сүресі 29)

«Нәпсілеріңді өлтірмеңдер!»

сөзі маңызды және

нәзік мағынаны білдіреді. Бұл жерде рухи өмірді

құртып, жәһәннәмдық болудан сақтандыратын

бір ескерту бар. Екінші жағынан төбелес пен

қылмыстардың кейбіреуінің хақсыз тауып жеу се-

зіміне сүйенетіндігі шындығына да назар аударуда.