Previous Page  212 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 212 / 382 Next Page
Page Background

214

Хикмет

баспа үйі

таразы мен өлшемде айлакерлік жасамау, ант етуден

аулақ болу, қоғамға зиянды харам нәрселерді алып-

сатпау қажет.

Сауданың қағидаларын Хазіреті Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай жақсы

қойған:

«Ей, саудагерлер қауымы! Шүбәсіз, шайтан

мен күнә сауда-саттыққа араласады. (Айтылған

ант, қажетсіз сөздер т.б. үшін кәффарат болу

үшін) саудаңызды садақамен араластырыңыз

(тазалаңдар).

Саудагерлер қиямет күні күнәһәрлар ретінде ті-

рілтіледі. Бірақ Аллаһ алдында тақуа болғандар мен

ізгілік, шыншылдық пен турашылдықта болғандар

басқаша...»

(Тирмизи, Бүю, 4)

«Сату кезіндегі ант тауардың өтуіне көмектессе де,

ақшаның берекетін кетіреді.» (Бұхари, Бүю, 26)

Тауардың құнын білмейтін сатушыға заттың

құнын айту қажет. Оның білімсіздігі, тәжірибесіздік

пен аңқаулығын пайдалануға тырысу алдатушылық.

Көңілінде Аллаһтан қорқу мен Оның ризашылығына

қол жеткізу мақсатындағылар бұл женінде өте абай

болады. Имам Ағзам Хазіреті өзіне сатып алу үшін

жібек аралас бірмата әкелген әйелден заттың бағасын

сұрайды. Әйел:

«Жүз дирхам, уа, Имам!» - дегенде, келіспей:

«Жоқ, бұл одан да қымбат» - дейді.

Әйел таң қалып, тағы жүз дирхам қосты. Имам

Ағзам тағы қабылдамады. Әйел жүз дирхам тағы

қосты, сосын тағы жүз дирхам. Имам Ағзам: