216
Хикмет
баспа үйі
Аталарымыз адамды осыншалық қамқор және
жанқияр ететін мінез-құлықпен тәрбие алып ғүмыр
кешкен. Ислам ахлағы болған бұл ортада үнемі бір-
бірініңқамынойлайды.Әсіресе,айлакерлікмұсылман
үшінөте ауырқылмыс.Мұсылманадамөтірікайтпай-
ды, алдамайды. Алдану болса, ақымақтықтың белгі-
сі. Мұсылманға ол да жараспайды. Адамзатқа жол
сілтеуші болып жіберілген пайғамбарлар «сыдық»
яғни турашылдық пен «фәтанәт», яғни ақылдылық
сипатына ие. Солардың ізімен жүрген мұсылман
да ақылды және көзі ашық болуға міндетті. Аллаһ
Тағапа алдатқандарға алданбау үшін біздерге былай
ескерту жасайды:
«Аллаһтың тіршіліктеріңе тірек етіп, өмірдің не-
гізі ідылған малдарыңцы ақылы жетпейтіндерге
бермеңдер...»
(Ниса сүресі 5)
Алдатушыларға келер болсақ, олар да мына хади-
стегі ескертуге лайық. Расулуллаһтың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Үш түрлі адам бар, киямет күні Аллаһ олармен
сөйлеспейді, оларға қарамайды және оларды акха-
майды. Оларға ауыр азап бар»
- деген сөзін үш рет
қайталағанын естіген Әбу Зәр (радиаллаһу анһу):
«Аттары өшсін, үміт еткендеріне жетпесін,
қасіретке ұшырасын. Уа, Расулаллаһ! Олар кімдер?»
- деп сұрады.
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Киімдерін (тәкаппарлығы мен менмендігінен
көкірегін керіп) желпіген, бергенін міндетсіген,
жалған антпен тауарын сатқан адам!»
- деді.
(Мус-
лим, Иман, 171)