Previous Page  213 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 213 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

215

«Жоқ, бұл тауар төрт жүз дирхамнан да қымбат»

- дегенде, әйел: «Уа, Имам! Сіз мені мазақ етіп түрсыз

ба?» - деуге мәжбүр болды.

Сонда Имам әйелдің тауардың нағыз құнын білуі

үшін мән-жәйді түсінетін біреуді шақыртты. Келген

адам, матаның құнын бес жүз дирхам деп белгіледі

де, Имам Ағзам оны осы бағамен сатып алды.

Өйткені, ол-турашылдықтан таю, тауардың кем-

шілігін жасыру. Әсіресе, таразы мен өлшемге көңіл

бөлмеу адамды аянышты нәтижелерге душар ететін-

дігін жақсы білетін.

Османлы қоғамы да осы ахлақпен біте-қайнасып,

осылайша қоғамның тыныштығы мен бақытын

кәпірлерді

де

таң

қалдыратындай

дәрежеде

қамтамасыз еткен. Фатих Стамбулдыжеңіп алған соң

екі поптың Османлы әскерлерін бақылау үшін аралап

жүргенде, бастарынан өткізген мына бір оқиға осы

халді тамаша көрсетеді. Поптар таңертең ертемен

бір дүкенге барып бір нәрсе алмақ болады. Сатушы

оларға:

«Менпачинжасадым.Пачинжасамағанкөршімнен

алыңыз!» - деді.

Сосын екінші дүкенге барады. Дүкендегі сатушы

да тура солай:

«Менпачинжасадым.Пачинжасамағанкөршімнен

алыңыз!» - деді.

Осылайша поптар басқа дүкенге барады. Олар да

дәл солай жауап береді. Ақыры, алғашқы дүкеннен

сауда жасайды.