Хикмет
баспа үйі
реті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мүбәрәк тілінен
«табыстың оннан тогызының сау-
дада болғандығы
»
(Суюти, әл-Жамиус-Сағир, I, 113)
мадағы-
ның айтылғандығын ойласа, бұл ынталандырудың
мәні жеңілірек түсініледі. Екінші жағынан, Ислам
сенімі сүйенген бес негізгі амалдың қажылық пен
зекет сияқты ең маңызды екеуі ауқатты мүминдерге
тән, бұлар да сонымен бірге адал жолмен баюдың ын-
таландырушысы сияқты. Хадисте баяндалған:
«Берген қол алған крлдан абзал»
(Бұхари, Зекет,
18)
түрінде беруші болуға бағыггаған үкім де, осы
тұрғыдан бағалануына түрады.
Сонымен қатар, мал мен байлыққа қол жеткізудің
ең маңызды себебі болған саудада:
«Әрбір үмметтің бір фитнәсі бар. Менің
үмметімнің фитнәсі мал-мүлік»
(Ибн Ханбәл, IV, 160)
ха-
дисін де естен шығармаған жөн.
Сірә, саудадағы ақша табу құштарлығы нәпсіге
жағымды қорқынышты қатерлердің бірі. Тойымсыз
адам бір тегене сияқты: қарны тойса да аузы жабыл-
майды. Алайда, сол тегенеге дарияны құйсақ, ша-
масынан артық не сияр, және де тойымсыз адам бір
ошақ, пешнемесе мангал сияқты, оған ағашпенкөмір
сияқты отынды үйген сайын, алаулап, сөнбейді, ке-
рісінше, алауы мен жалыны арта түседі. Хазіреті
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тойымсыз
адамның халін былай түсіндіреді:
«Адам баласының екі сай толған малы болса да,
үшіншісін қалайды. Адаья баласының ішін (қарнын)
топырақган басқа ештеңе толтыра алмайды».
(Бұхари, Риқақ, 10; Муслим, Зекет, 116)
211