Previous Page  356 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 356 / 382 Next Page
Page Background

358

Хикмет

баспа үйі

тереңдігі мен сырларына байланыстыкейбір күмәнді,

қайшы көзқарастарға жауап ретінде мәлімет бердік.

Сонымен қатар, кітапта тасаввуф ұсынған рухани

тәрбиеден алыс кейбір адамдардың, не жақсы ниет-

пеи, бірақ надандықпен немесе ғапылдықтан болып

нүқсан, жеткіліксіз және орынсыз әрекеттерінің бұл

мүбәрәк жолмен ешқандай байланысының жоқ екен-

дігіне тоқталдық. Өйткені, тасаввуф Құран Кәрим

мен хадистерде баса айтылған нәпсіні тәрбиелеу

арқылы адамды кемелдендіру және осылайша

мәңгілік бақыттылыққа қауыштыруды мақсат етеді.

Бұл мәселе Аллаһ Тағала қайта-қайта ант етіп, назар

аудартқан бірден-бір ақиқат. Шәмс сүресінде былай

делінеді:

«Иләһи затымның (түлғамның) хақы (қүрметі)

үшін; Күнмен және оның сөске уақытындағы

жарықгығымен, күннің артынан жүрген Аймен,

оны көрсеткен күндізбен, оны жапқан түнмен,

көк жүзімен және оны қүрғанмен, жермен және

оны жайып төсегенмен, нәпсісін жөне оған кейбір

қабілеттерді беріп, ізгілік пен жамандықгарын (күнә

мен тақуасын) аян етушімен ант.

Нәпсісін жамандықгардан арылтқан (рухани

және материалдық кірлерден тазарған) (адам) сөзсіз

құтылған, оны жамандықтарға батырған (адам) да

қайғыға ұшыраған».

(Шәмс сүресі 1-10)

Аллаһ Тағаланың ант етуі ант етілген жаратылыс-

тардың бағасы мен абыройын білдірумен қатар, не-

гізінде сол анттан кейін йтылған иләһи мақсаттың

ұлылығы мен маңыздылығын көрсету үшін. Бұл

аяттардағы анттардағы жағдай да солай. Бірақ, бір

айырмашылық бар: