Previous Page  362 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 362 / 382 Next Page
Page Background

364

Хикмет

баспа үйі

ашыққа шығарады. Осылайша адамды ақырғы

қанағатқа жеткізеді. Өткен ғасырдың алдыңғы

қатарлы Ислам ғалымы Мұхаммед Хамидұллаһтың

мына сөздері өте мәнді және ғибратты:

«Менақылғасүйеніпөстім.Құқықтықжүмыстар

мен зерттеулер маған қанағатты түрде таны-

лып, дәлелденбейтін нәрселерді жоққр шығартқан.

Әлбетте, мен намаз, ораза т.б ислами міндеттерім-

ді тасаввуфи негіздерімен емес, қүқықтық себептер-

мен орындадым. Өз өзіме:

«Аллаһ - менің Раббым. Ием. Ол маған бұлардыжа-

сауды бүйырған. Олай болса, орындауым керек. Бұдан

басқа хақ пен міндеттер бір-біріне байланысты.

Аллаһ бұларды маған пайдалансын деп бұйырған;

олай болса, мен Оған шүкіршілік етуге міндетті-

мін».

Батыста, Париж сияқты бір жерде өмір сүре

бастаған кезден бері таңданып, байқағаным - Хри-

стиандарды Исламды қабылдауға итермелейтін,

фиқһ пен кәләм ғалымдарының көзкдрастары

емес, Ибн Араби мен Мәуләнә сиякты сопылар. Бұл

туралы меніңде жеке көргенімдерім бар. Ислами

тақырыпта менен түсіндіруімді сүраған кезде, мен

берген ақыли дәлелдерге сүйенген жауап сұраған

адамды қанағаттандырмайтын, бірақ тасавву-

фи түсініктер жемісін көп кешікпей беретін. Бул

мәселеде барған сайын әсерім азая түсті. Хулогудің

қырып-жойған шапқыншылықтарынан кейін Газан

Хан кезінде болғаны сияқты, кдзір ең азы Еуропа

мен Африкада Исламға қьізмет ететін қылыш емес,

тек жүрек қана, яғни тасаввуф екендігіне сенемін.