Хикмет
баспа үйі
369
байланысты қағидаларының да үлкен маңызға ие
болған кезеңі. Сондай-ақ кешірім және мейіріммен
қаралғандар еліміздегі сияқты, батыста да рухани
оянуға көбірек қол жеткізетіндігі байқалуда. Ақы
мен нәпсінің қармағына түскен рухтарға Исламды
иләһи жұбаныш самалы түрінде ұсыну үшін олар-
ды, жазалау ниетімен және ашумеи қараудың орны-
на мейірім мен мархабатқа толы іс-қимыл таныту,
әрқашан да фәйізі мол тәсіл.
Өйткені, адам негізгі мақсатынан қаншалықты
алыс болса да, «адам» болғандықтан үлкен абыройға
ие. Оның негізінде жатқан ұлылықтан бейхабар
түрде күнәға батуы - тура Қағбаның қабырғасындағы
қара тастың (Хажәрул-Әсуәд) сол жерден жерге түсіп
шаң-топырақта қалуы сияқты. Бұган немқұрайды
қарап, жан ұшырмайтын ешбір мүмин ұжданы бол-
мас. Бұл жөнінде де мүминдер Хажәрул-Әсуәдті
құрметтеуден бас тартпас. Оның осындай халге тап
болуы мүминдердің назарындағы құндылығы-нан
ештеңе азайтпайды. Керісінше, мүминдер оны дереу
шаң-тозаңымен құшақтап, кезінің жасымен тазапап,
құрметпен бұрынғы пәк орнына қою үшін бір-бірімен
жарысар. Оның жәннаттан шыққандығын ойлап, не-
гізінде жатқан ұлы құндылық-қа бас иер. Алайда,
адам Аллаһ Тағаланың «рухынан үрлеп», яғни Аллаһ
Тағаланың ұлы құдіретінен қаншама сырларға ие
болған және осылайша жаратылғандардың көзінің
қарашығы болғанжаратылыс. Сол себепті оның қадір
қасиеті жасаған күнәларымен қаншама төмен болса
да, негізіндегі құндылық мәңгі.
Хазіреті Мәуләнәның айтқанындай, адамның
рухы мөлдір су сияқты. Бірақ, жаман істер мен