Хикмет
баспа үйі
луын қамтамасыз етеді. Сол себепті тасаввуф - Аллаһ
сүйіспеншілігі және Аллаһты тану тақырыбында
құлдарға, көңілдерінен миғражға қарай ашылған ру-
хани терезе іспеттес.
Сондықтан тасаввуф рух пен жүректің міндетті
түрдегі қажеттілігі. Олай болса, әрбір мұсылманның
емірінде аз не көп орын алуы қажет болған шындық.
Анығырақ айтсақ, бір жерде адам болса, сол жерде
тасаввуф керек.
Бұл ақиқатты бір шетке қойып, «Тасаввуфсыз
болмай ма?» деуі Исламның негізін баяндайтын
тәфсир, хадис, келам, фиқһ және басқа ілімдер бол-
маса болмай ма?» деген сияқты сұрақ болады. Та-
саввуфты қажетсіз санау - ықылас, тақуа, парасат,
нәпсі мен жүрек тазалығын, қысқасы, Аллаһқа их-
сан мәртебе-сінде шынайы түрде құлшылық жаса-
уды қажетсіз санау деген сөз. Өйткені тасаввуф де-
генде осы ақиқаттар мақсат етілуде. Сондықтан осы
ақиқаттарды үстанған адам, егер тасаввуф есімін
қабылдамаса да, ол біздің пікірімізше тасаввуфты
ұстанады деген сөз. Өйткені тақуалық, зүһд, ихсан
мен тасаввуф, ақиқат пен мазмүны жағынан негізін-
де бірдей мағына мен мақсатты білдіретін, бір-бірі-
не жақын атаулар. Атау жәй ғана бір белгі. Барлық
осы сөздердің негізінде, барлық адамзаттың ең кәміл
мүршиді ретіндегі бір үлгі ғана, ең тамаша өнеге Ха-
зіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен
оның рухани тәрбиесінде өскен, әрқайсы да бір үлкен
тұлға және руханият жұлдызы - Сахабалар бар.
Екінші жағынан жүректің қанағат табуы,
тыныштық, шаттық пен бақытқа кенелуі - рухани
373