378
Хикмет
баспа үйі
Білу - тамашалау емес, хикмет пен сырларға көз жет-
кізу.
Жүректің кірден арылып, пәктікке бөленуі
Жаратушыға жақындығына байланысты. Жүрегі
тірілген мүмин өлімсіздікке қауышады. Керісін-
ше, нәпсіқұмарлыққа салынған адам қаншалықты
салынғандығына қарай адамдық сипатынан ай-
ырылады. Ислам ахлағының негізі - Раббыға
сүйіспеншілікпен, ықыласпен бет бүру, бұл бет
бұрыстың бірден бір белгісі шүбә жоқ, «қызмет» ету.
Махаббат қиыншылықты рахметке айналдыратын
ең сиқырлы күш. Махаббатпен орындалған қызмет
қаншалықты ауыр болса да жеңілдікпен, шаттықпен
атқарылады. Сонымен қатар қызметтің қүны, оны
атқаруүшінкірісілгенжанқиярлықтыңүлкендігімен
және ғибадат ынтасымен орындалуына байланысты.
Шынайы, нағыз қызметкер -жүрек кемелдігінің бел-
гісі. Осы кемелдікке жеткен жүректер «иләһи назар
орны».
Аллаһ Тағаланың Құранда көп айтқан «Рахман
мен Рахим» есімдері Оның мархабатын білдіретін
есімдері. Әр мүминде де мархабат пен мейірім негізгі
табиғатына айналуы керек.
Зұлымдыққа
себеп
болатын
махаббаттан
мақрұмдық. Сүймеген адам әрқашан жыртқыштық
жасайтын жануар, залым жаратылысқа айналуы
мүмкін. Нағыз махаббаттыңжемісі - мейірімменмар-
хабат. Жер бетінде мейірім мен мархабатпен алын-
байтын ешбір көңіл я өлке жоқ. Өйткені, күннің жы-
лытпауы қалай мүмкін болмаса, күшті рухтар үшін
де мақлүқтарға жаны ашымау солай мүмкін емес.