Previous Page  375 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 375 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

377

ды бақытдеп санайтын адамдар. Оларға тасаввуф

хақында ең соңында не айтқыңыз келеді?

– Осыған дейін айтқандарымызға қосымша

әулиелердің қатты көңіл бөлген үгіт-насихаттарынан

үзінді айтқым келеді:

Тасаввуф - Аллаһ Расулының ахлағына қол жет-

кізуге тырысу болып табылатын рухани тәрбие.

Құлшылықта - ынта, қарым-қатынаста абзалдық

халі. Бұл әлемнің Жаратушысына және Оның Ра-

сулына сүйіспеншілікпен бет бүру. Сол үшін шы-

найы сүйіспеншілік әрі бет бүрыспен достықтың

орталығына (негізіне) Жаратушы мен Оның Расулын

қойған Хақ достары мәңгілік барлық адамзаттың

досы болған.

Ізгілермен жақындық пен сұхбат мүминді салих

етеді. Өйткені, фәйізді мінездерде жұғу қасиеті бар.

Рухқатәртіп пен руханият дәнін егетін салихтар

нәпсісінарылтқан,дүниеніңөткіншісұлулықтарынан

бас тартқан адамдар. Олардың көңілі иләһи фәйізге

толы. Олармен жақындық, құлды қолынан, тілінен,

барлық жаратылыс пайдаланатын құлға айналдыра-

ды.

Махаббат - екі көңіл арасындағы байланыс же-

місі. Адам көңілі ауғанына ынтық, қайран болады.

Оған ұқсағысы келеді. Сол себепті мүмин әртүрлі ісі

мен әр алаңдағы қайратында «махаббат» әликсирін

қолдануы керек.

Ілімнің тұлғалыққа ие болып, парасаттылыққа

ауысуы Аллаһ Тағаланың жүрекпен танылуына се-

беп болады. Әлем - хикмет пен сырлардың тылсымы.