374
Хикмет
баспа үйі
үй
жеткен дәрежесіне байланысты. Сол үшін де пенденің
рухани тәрбиеден өтуі қажет. Сірә, жүректің ілім мен
хикметке толуы, діннің жоғары ақиқаттарына көз
жеткізуі және пенденің рухани кемелденуі - тек кей-
бір істердің нәтижесінде ғана мүмкін болады.
Сондай-ақ адамзатқа үлгі ретінде жіберілген
пайғамбарлар да уахиді қабылдаудан бұрын әзірлік
кезеңінен өткен. Өйткені, жүректің пәк рухани
көріністі қабылдайтын халге келуі үшін кірден
арылып, сезімтал болуы және белгілі бір қалыпқа
жетуі керек. Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм), әлі пайғамбарлық міндеті келмей түрғанда
Хира үңгірінде итикафқа (Итикаф: Бір жерге кіріп,
уақытты ғибадатпен өткізу. Әсіресе, Рамазан айының
соңғы он күнінде мешіттен шықпай, өзін ғибадатқа
беру.) Мұса (алейһиссәләм) Аллаһ Тағаламен
сөйлесуден бүрын Тури-Синада қырық күн өзін бір
түрлі тәрбиеден өткізген. Юсуф (алейһис-сәләм),
Мысырға сүлтан болудан бұрын он екі жыл зындан-
да жатты. Ол жерде қиыншылық, аштық, күрес пен
машақаттың барлық сатыларынан өтті. Осылайша
мүбәрәк жүрегі Аллаһтан басқа барлық сүйеніштер
мен байланыстардан толықтай арылды.
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Миғражға шықпас бүрын «Инширах сүресінің» сы-
рына ие болды. Кеудесі ашылып, мүбәрәк жүрегі
жуылды. Ілім мен хикметтің руханиятымен тол-
ты-рылды. Өйткені ол Миғражда ғажайып, тамаша
оқиғаларға жолығып, адами кесапатпен көрінбейтін
иләһи сырлар мен әр түрлі, пәк көріністерді тамаша-
лайтын еді.