Previous Page  374 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 374 / 382 Next Page
Page Background

376

Хикмет

баспа үйі

сезіледі. Сол үшін жүректің шыдамдылығы мен

қабілетін кемелдендіру керек.

Осы кемелденудің маңызын көрсету бабында

Мәуләнә Жәләләддин Руми, Сәлжүк Медресесінде

сырттай ілімдердің шыңына жеткен «ұстаз» кезінде

өзінің сол кездегі халін «шикі едім»; мағрифатұллаһ

көріністеріне толы әлем кітапқа айналып, ондағы

жасырын сырлар оған аян бола бастаған кездегі халін

«пістім»; иләһи махаббатта фәни болған халін болса

«жандым» деп түсіндірген.

Бұл да құлдың Аллаһ алдындағы қадірі көбінесе

жүректіңесуіне байланыстыболғандықтан,жүректің

кемелденуі үшін жеке-дара бір рухани тәрбиеге

қажеттілік бар екендігін көрсетеді. Бұл ақиқаттың

сансызжанды мысалдарын сахабалар көрсеткен.

Сондай-ақ олардың көбі қыздарын тірідей топыраққа

көмген тастай қатты бір жаратылыс кезінде Хазіреті

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) руха-

ни тәрбиесінің астында, көздері мен көңілдері жасқа

толы мейірім мен мархабаттың өрнегіне айналған.

Жандары мен малдарын Аллаһ пен Расулуллаһ жо-

лында аямаған.

Қысқасы, айтпағымыз мынау:

Тасаввуфсыз мұсылмандық болу мүмкін, бірақ бұл

ихсан бабынан мақрұм мұсылмандық. Яғни рухани

тәрбие болып саналатын тасаввуфтан ажыратылған

Ислами өмір, адамды «Аллаһты көріп тұрғандай

құлшылық ету» дәрежесіне жеткізе алмайды.

Сұрақ:

Тақсыр! Оқырмандарымыз өзіңіздің

көңіл достарыңыз, сізбен көңіл аясында табысу-