360
Хикмет
баспа үйі
хрустальдың тек өздеріне көрінген бөлігін түсіндіру
жолын үстанған.
Хақ достарының, қол жеткізген рухани көріністер
бойынша жасаған сансыз тасаввуф танымдарының
кейбіреулері мыналар:
- Тасаввуф - көркем ахлақ және әдеп.
- Тасаввуф - нәпсі мен жүректің тазалығы.
- Тасаввуф - тынымсыз рухани күрес.
- Тасаввуф - ықылас.
- Тасаввуф -дұрыс бағыт.
- Тасаввуф - ризашылықжәне мойынсұну.
- Тасаввуф - жар болу, жүк болмау. Яғни бәрінің,
жүгінкөтеру бірақ жүк болмау.
Осы әртүрлі танымдардың ортақжөні тұрғысынан
тасаввуф; мүминдердің жан-дүниесін түзеп, олар-
ды рухани кемелдендіретін, құлды көркем ахлаққа
бөлеп, Хаққа жақындататын және осылайша
мағрифатұллаһқа жеткізетін ілім десек болады.
Ақсарай Кәмілдері медресесінің Шайхы Ибраһим
мырзаның мәшһүр «Тасаввуф жыры» бастан аяқ өте
тамаша тасаввуф танымына толы. Міне, осылардың
бірнешеуі:
Басында тасаввуф жансыз сопы болуды айтады.
Ақырында, көңіл тағында сұлтан болуды айтады.
«Тасаввуфтың басы материалдық болмысынан
сыдырылу өзін жоқ санайтын, қысқасы еркін Хаққа
тәслім еткен сопы бола білу. Соңы болса, барлық
иләһи ізгіліктерге қол жеткізіп, көңіл тағының
сүлтаны болу.»