96
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Құрлықта өмір сүретін, еттерін жеу
харам етілген жануарлар:
• Доңыз, жаратылысында жыртқыштық қасиеті
(орақ тіс, топшысы) бар аң-құстар; Бұлардың
негізгі қорегі – өлексе. Доңыз етінің арам екендігі
жайлы Құранда «Әнғам» сүресінің 145-аятын-
да «рижс», яғни, нәжіс деп келген. Тәпсірші
ғалымдар «Ағраф» сүресінің 157-аятынан мы-
надай үкім шығарған: доңыз мейлі үй жануа-
ры, мейлі жабайы болсын, оның еті, сүті, майы,
сүйегі түгелдей харам. Доңызды пайдалану,
алып-сату да харам. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
: «Аллаһ тағала доңызды алып-сатуға ты-
йым салған»
164
деген.
• Ислам негіздеріне сай бауыздалмаған немесе
ауланбаған жануарлар;
• Өлексе («Бисмиллаһ, Аллаһу әкбар» деп айтыл-
май бауыздалған мал) және өздігінен буынып,
құлап, үйелеп, сүзіліп өлген немесе жыртқыш
жануарлар өлтіріп кеткен мал;
• Аллаһтан басқаның атымен (Аллаһқа серік
қосып), пұттарға арнап бауыздалған мал. Сондай-
ақ бауыздаған малдың қанын ұйытып қойып жеу
немесе ішу (бисмилламен бауыздалған малдың
денесіндегі қалдық қандар адал); Осы аталмыш
түрдегі жануарлардың еттерін жеудің харамдығы
Құранда былай баяндалған:
حُرِّمَتْ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةُ وَ الْدمُ وَ لَحْمُ الْخِنْزِيرِ وَ مَا أُهِل لِغَيْرِ
اللِّ بِهِ وَ الْمُنْخَنِقَةُ وَ الْمَوْقُوذَةُ وَ الْمُتَرَدِّيَةُ وَ النطِيحَةُ وَ مَا أَكَلَ
164
Бұхари, Буюғ, 112