98
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
• Шыбын-шіркей, ара, бүйі, өрмекші, шаян,
құмырсқа секілді қаны жоқ бола қалғанда да
қаны ақпайтын бит, кене, тышқан, кесіртке, жы-
лан сияқты адам табиғаты жиіркеніп, тіксінетін
тіршілік иелері; Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
бұл туралы:
«Қажылықта да, басқа
уақытта да жылан, шаян, тышқан, қабаған ит
секілді адамға зияндылар өлтіріледі»
, – деген.
• Есек пен қашырдың еті; Жабир (р.а.) жеткізген
хадисте: «
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Хайбар күні есектің етін жеуге тыйым сал-
ды. Ал жылқы етіне рұқсат берді
»
166
, – дейді.
Ал қашыр әңгі есек пен биенің будандасуынан
туылғандықтан осы үкімге кіреді.
• Сойылған малдың ішінен шыққан өлі төлдің
еті – харам. Егер тірі болып шыққаннан кейін
«Бисмиллаһ» деп айтылып бауыздалса, жеуге жа-
рамды.
Тек суда өмір сүретін жануарлар
Суда өмір сүретін жануарлардың халал етілгендері:
Теңіз жануарларына байланысты Аллаһ тағала:
أُحِل لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ
«Сендерге
теңіз
жануарын
жеу
халал
қылынды»
167
, – дейді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
теңіз жануарлары жайлы сұраққа:
هُوَ الطّهُورُ مَاؤُهُ، الْحِلُ مَيْتَتُهُ
166
Бұхари, Мүслим. (Насбур-рая, 4/198; әл-Муғни,1/587).
167
«Мәида» сүресі, 96-аят.