Previous Page  99 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 112 Next Page
Page Background

99

Еті желінетін және желінбейтін жануарлар

«

Оның суы таза, өлігі халал

»

168

, – деген. Бұл теңіз

жануарлары бауыздаусыз күйде халал екенін білдіреді.

Ал ханафи мәзһабында суда тіршілік ететін балықтан

өзге жануарлар желінбейді. Басқа мәзһабтарда суда

өмір сүретін барлық жануарлар желінеді. Егер балық

судың тартылуы, қатты ыстық пен қатты суықтық

салдарынан, мұз арасына қысылып немесе құстардың

өлтіріп кетуі себебімен өлсе, жеуге жарамды. Ал, ауру

себебінен немесе уланып өлсе, оны жеуге болмайды.

Құранда:

وَ هُوَ الذِي سَخرَ الْبَحْرَ لِتَأْكُلُواْ مِنْهُ لَحْماً طَرِيّاً وَ تَسْتَخْرِجُواْ مِنْهُ

حِلْيَةً تَلْبَسُونَهَا وَ تَرَى الْفُلْكَ مَوَاخِرَ فِيهِ وَ لِتَبْتَغُواْ مِن فَضْلِهِ وَ

لَعَلكُمْ تَشْكُرُونَ

«Ол сондай Аллаһ жас ет (балық етін) жеулерің

үшін және киініп, тағынатын сәндік бұйымдар

шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Аллаһтан

ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара

жатқанын көресің. Әрине, шүкірлік етерсіңдер»

169

,

– делінген.

Суда өмір сүретін жануарлардың

харам етілгендері:

Егер балық өздігінен өлген болса және су бетіне

шығып қалса жеу дұрыс емес. Өйткені өздігінен өлген

балық Құрандағы:

حُرِّمَتْ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةُ وَ الْدمُ وَ لَحْمُ الْخِنْزِيرِ وَ مَا أُهِل لِغَيْرِ اللِّ بِهِ

168

Әбу Дәуіт, Таһарат, 41; Тирмизи, Таһарат, 52

169

«Нәхл» сүресі, 14-аят.