97
Еті желінетін және желінбейтін жануарлар
السبُعُ إِاّ مَا ذَكيْتُمْ وَ مَا ذُبِحَ عَلَى النّصُبِ وَ أَن تَسْتَقْسِمُواْ
بِالَزْلَمِ ذَلِكُمْ فِسْقٌ الْيَوْمَ يَئِسَ الذِينَ كَفَرُواْ مِن دِينِكُمْ فَلَ
تَخْشَوْهُمْ وَ اخْشَوْنِ الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَ أَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ
نِعْمَتِي وَ رَضِيتُ لَكُمُ الِْسْلَمَ دِيناً فَمَنِ اضْطُر فِي مَخْمَصَةٍ
غَيْرَ مُتَجَانِفٍ لِِّثْمٍ فَإِن اللَّ غَفُورٌ رحِيمٌ
«Сендерге арам өлген мал, қан, доңыз еті және
Аллаһтан басқаның атынан сойылған малдың
еті харам қылынды. Сондай-ақ жаны шықпай
жатып (шариғат шарттарына сай) бауыз-
дап үлгергендеріңді қоспағанда, қылқынып
(тұншығып), соққыжеп, биіктен құлап, сүзіліп
немесе жыртқыш аңға таланып өлген малдың
еті һәм пұттардың алдында сойылған және
жебемен бал ашып немесе құмар ойындарын
ойнап тапқан малдың еті харам қылынды.
Міне, осыларды жеу Аллаһқа бағынбау деген
сөз. Бүгінгі таңда кәпірлер (көкіректеріңдегі
иман нұрын сөндіріп) діндеріңнен (яғни оны
бұрмалап немесе мүлдем жойып жіберуден)
күдерін үзді. Ендеше, олардан қорықпаңдар,
Менен қорқыңдар. Міне, бүгін діндеріңді
кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді
тәмамдадым және сендерге дін ретінде Ислам-
ды таңдадым. Кімде-кім күнәға әуестігінен
емес, қатты ашыққаны үшін (харам етілген
осы еттерді) жеуге мәжбүр болса, шүбәсіз
Аллаһ өте кешірімді, ерекше мейірімді»
165
, –
деген.
165
«Мәида» сүресі, 3-аят.