161
Артық Әсел Даулетқызы,
Қарағанды облысы ,
Балқаш қаласы,
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп –
гимназиясының 10- Б сынып оқушысы.
Шеберді шебер дегенше
Алланышебер десейші
Өзіммен өзім жалғыз қалып ойланып,
Жүрекпен сонда қалып едім сырласып,
Сол жүректің үн қатқанын жазайын
Тыңдашы, халқым, тыңдашы бір зер салып
Жас жүрек сонда былай деді тыңдалық:
Асқар тауды көргенде қуанамыз,
Әуре боп суретін сап шаттанамыз.
Суретшінің бояуына мәз болысып,
Өнеріне тағы біз таңқаламыз.
Ұстаның шеберінде сөз жоқ дейміз,
Жасаған мүсінінде мін жоқ дейміз,
Бәріміз бір көңілмен тамашалап,
Шаттыққа толып кетер пейіліміз.
Мейлі мейлі айтайық оны шебер,
Бойынан табылған ғой сондай өнер
Сол өнерді дарытқан бұл адамға,
Негізінде, ЖАРАТУШЫ - нағыз шебер!
Шебер дейді бар халқым адамзатты
«О, тоба ойлап тапты анау затты,