Previous Page  166 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 256 Next Page
Page Background

166

Бақытбек Бәмішұлы,

Алматы қаласы.

Алланытану

Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим

Қу дүние

нарттай жанып

қуған күндер ұлар шу.

Аппақ дәурен артта қалып,

арзандады құнар-су!

Жеткізбейді

жұлдыз –

арман,

Жеткен соған жан бар ма?!

Арман деген:

АЛЛА,

сосын,

Аман атқан таңдар ма?...

Шығар бір күн

шығатын жан,

Сөз ақыры –

кіл нүкте...

Алланы тану –

Шын,

Шын Арман!

Жалған мынау тірлікте!

Амин!