Previous Page  170 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 256 Next Page
Page Background

170

Аллаға мадақ

Әлемнің сырын ұғу түк емес сау болса

адам санасы,

Ал енді, досым, зейінді қойып мына

бір қызыққа қарашы:

Бораныменен қалшылдап тұрған қаңтарда

тусаң егер шын,

Балдай татыған ана сүтінің жылығанын

бір көрерсің.

Күн нұры туып сән,

Ал жазда туылсаң,

Салқындау болған анаңның сүтін емерсің,

РАББЫҢның мұндай шеберлігіне не дерсің?!

АЛЛАҺты меңзеп тұрады дәйім әлемнің

бүкіл сәні мың,

Ана мейірімі де нығметі ғой құдіреті

күшті Тәңірдің.

Сол мейірім, сол махаббат өміріңнің болар жыр-әні,

Ана сүтімен егілер саған Жаратушыңның шуағы.

Сұйылып кейде,

Қою боп бейне,

Сен өскен сайын өзгерер сүттің құрамы.

Хаққа жетелер әлемнің сансыз сұрағы.

Анаңның сүтін, араның балын, бойдағы

қанның барлығын,

Жасай алмайды ешқандай құрал дамыса-дағы

бар ғылым.

РАХМАНның нұры ғаламға мынау тұрады

шексіз таралып,

Бастауын ғылым Құраннан алса ашады

небір жаңалық.