Previous Page  176 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 256 Next Page
Page Background

176

Әлмахан Жолбарысов

ОҚО, Мақтарал ауданы,

Атамекен ауыл әкімшілігі

қоғалы елді мекені

Мақтанамынмұсылман

болғаныма

Мақтанамын мұсылман болғаныма.

Шебер Алла – әлемнің қорғаны да.

Кереметін көресіңдер оның шексіз,

Қарасаңдар Құранды ап қолдарыңа.

Алла шексіз қамқор ғой теңдесі жоқ,

Оған сенбес мұсылман пендесі жоқ.

Мұхаммед дұға етіп, көп жалынған:

«Ешкімге де жамандық бермеші», – деп.

Мына кең жаратып ең ғаламды, Алла,

Жақсы болсын деп жақсы адамдарға.

Дегенмен олар күнде жанжалдасып,

Тарайтын құр жиналып алаңдарға.

Алланың барлығына күмәнданып,

Екі көзін шел басты тұманданып.

«Ораза мен намаздың пайдасы жоқ,

Өлгенге қалай тисін Құран барып?» –

деп азғындап адасқан шағымызда,

Мұхаммедті берді Алла бағымызға.

Тәубеге кеп, ақ жолға қайта түстік,

Мұсылмандық болған соң қанымызда.