Previous Page  177 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 256 Next Page
Page Background

177

Таңдаулы діни өлеңдер

Енді Алла, құлдарыңды жаңылдырма,

Залымдарға ешкімді жалындырма.

Бастап асыл елімді ұлы ісіңе,

Иман беріп, малыңдыр жанын нұрға.

Мейірленіп жараттың адам етіп.

Ақыл бердің, қор қылма, надан етіп.

Шүкір Алла, жеттік-ау армандаған,

Оқ пен оттан бүгінге аман өтіп.

Түркістан қасиетті тұрағымыз,

Ислам әл Мисақтан ұранымыз.

Ардақты елім, әрқашан бағың жанар,

Тұрса егер әр үйде Құранымыз.

Деген бабам: «Құтылмас ерден білім»

Ойлап бәрін Алланың бергендігін,

Оразамен кешікпей намаз оқып,

Ісін енді бастайық көргендінің

Орындалып әрқашан арманымыз,

Ойымызда сақтайық, Алланы біз.

Кеткендердің иманы жолдас болып,

Аман-есен жүрейік қалғанымыз!