179
Еркебұлан Әміренов,
Павлодар қаласы ,
С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік
университетінің 1-курс студенті.
МЕЙІРБАН АЛЛАМ
БИСМИЛЛӘ! Беташар сөзді айтам,
Мейірімді, рахымды АЛЛА атымен.
ИМАН барда ортамнан безді сайтан,
ДІН жайлы сөздерімді сәл қатып ем.
АЛЛА алдында аянбай тек қаза бол,
Сүйген құлын қуантар жәннәтымен.
Жалғанда лас күнәдан пәк таза бол,
Сусындап ДІН ИСЛАМ шәрбатымен.
Әлдилеген әлемді уағызымен,
ХАЗІРЕТТІ МҰХАМЕД ПАЙҒАМБАРЫМ.
Асыл діннің АЛЛАНЫҢ жамағатқа,
ПАЙҒАМБАРЫМ еді ғой жайған дәмін.
ҰЛЫ адамның бүгінгі ұлы ұрпағы,
ДІН дегенде береді қайран жанын.
АҚЫРЕТТЕ бақытты болу үшін,
ДІН жолында аттанған майданға мың.
Сәждеге сағат сайын бас июде,
ИСЛАМҒА иек артқан сан мың адам.
ФӘНИДЕ көп ойлаймын БАҚИ қамын,
Сондықтан НАМАЗ оқып дамылданам.
Қоғамға өз пайдамды беру үшін,
Исламның нәрімен жалынданам.
Екі дүние бақытын бауырларға,