Previous Page  181 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 256 Next Page
Page Background

181

Ерлан Аширбаев Садуахасұлы,

Қарағанды облысы.

Ақиқат тек Исламда ғана!

Хақ діні - биік белес, шың емес пе ?

Жаннат бақ - мәңгі бітпес, Нұр емес пе?

Жаның иман нәрімен тамырланса,

Алданып, арбалмассың күр елеске!

Арғы атасы мұсылман болған жанның

Көбі адасып өзге дінде жүр емес пе ?

Адам құлқын ойлаумен нәпсіге ерсе,

Қу нәпсімен сайтанға құл емес пе?

Арсыздықпен өмірін өткізгеннің,

Бар өмірі жанып біткен құл емес пе?

Адам лезде хайуаннан бетер болар,

Болмаса егер Жаратқан мен Құран есте!!!

Құранды оқы тура жолды нұсқап саған,

Ақиқатты анық айтып тұр емес пе ?

О, Жаратқан, шын ниетті дұғамменен,

Құзырыңда әрдайым жүрем есте!

Дұға мумин жүрегінің Нұры деген,

Неге Сенен ақ дұғаны тілемеске?!

Иманым боп сені ойлаудан бақыт тапсам,

Неге Өзіңнен иманды жар тілемеске?!

Иманы бар ақ жүректі мумин әйел,

Айналаға жұпар шашқан гүл емес пе?!

Мумин менен адасқан пенделердің,

Бой бітімі, ақыл есі бір емес пе?

Тірі жүріп тәубесіз пенде болсақ,

Ертеңгі қияметте мұң емес пе?!!!!