Previous Page  185 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 185 / 256 Next Page
Page Background

185

Әуезханов Сырым,

Астана қаласы,

Ж. Жабаев атындағы

№4 мектеп-гимназиясының

9 «ә» сынып оқушысы.

Дін тірегі

Иманымның шырағы жағылған соң,

Дін тірегі жанымнан табылған соң,

Исламның игі жолын бағыт қылдық,

Есігі жүрегімнің қағылған соң.

Намазды оқысаңыз ағайындар

Жаның нұрлы болады, бағың басым

Көп қазақ күншілдіктен сорлап жүр ғой

Пердесі иманының жабылған соң.

Қалтаңыз қаражаттан тарылса да,

Көңілің қанағаттан тарылмасын.

Тілегің жиғаныңнан көп болса да,

Жүрегің иманыңнан жаңылмасын.

Алладан жақсылықты тілеп келем.

Исламның хақ жолында үдеп келем.

Мұхаммед, оған Алла нұры жаусын

Дәндерін жамандықтың бір екпеген.

Адамда ниет түзу болмаса егер,

Өмірің өтеді екен түнекпенен.

Мұхаммедтің қалдырған хақ жолымен

«Бисмиллә», – деп бұл күні түлеп келем.