Previous Page  186 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 256 Next Page
Page Background

186

Аллаға мадақ

Хадисін оқығанда пайғамбардың,

Жан болмас жүректері дір етпеген.

Жарға кеп соғылмайын десеңіздер,

Алла деп соғып тұрсын жүрек деген.

Әр мұсылман сөзімнің ұғар мәнін,

Пайғамбарды мадақтау бір арманым.

Мұхаммедтің кезінде түскен кітап –

Қасиет, құдірет бар Құранда мың.

Сүннетін қаза қылмай пайғамбардың

Хадисін де бір естен шығармадым.

Мәулітте, туған күні Мұхаммедтің,

Пейілдің бағындырған шынарларын

Алла жалғыз, тіл келіп кәлимаға

Мұхаммед (с.ғ.с.) – елшісі деп бір Алланың!