Previous Page  182 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 256 Next Page
Page Background

182

Есей Нұрболат.

Көкшетау қаласы.

Көркеммінез – көркіміз

Иманды адам қашанда,

Мінезі көркем болады,

Имансыздан сұрасаң,

Дөрекі-долы жауабы.

Мінезі көркем адам деп,

Пайғамбарды айтыңыз,

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Дейді дана халқымыз.

Кемеңгер тұлға Пайғамбар,

Мінезін үлгі тұтыңыз,

Ұрпаққа үлгі-өнеге,

Көрсету біздің құқымыз.

Мұхаммедтей елшіміз,

Асқан жомарт болған ед,

Үйінде ішер жоқ болса,

Ораза ұстай салған ед,

Жоқшылықтың өзін де,

Керегіне жаратып,

Алладан сауап алған ед.

Төзімі шексіз күшті еді,

Сабырлы еді, мықты еді,

Мүшіріктер басына,

Қан-жынды да төккенді,

Қорықпады да, ықпады,

Жүрегі оның түкті еді.