Previous Page  187 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 256 Next Page
Page Background

187

Жайнарбек Зандыбайұлы,

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Макинса қаласы.

Жәннаттыбізге нәсіп ет

Жылтырап сыртқа көрініп,

Жүргенмен тұрсың не біліп.

Келерсің бірақ бір күні,

Көзіңнен жасың төгіліп.

Тозақты ойлап дірілдеп,

Жәннатты ойлап егіліп.

Қабір азабын ойласаң,

Қабырғаң кетер сөгіліп.

Ақиқат емей немене,

Қаларың бір күн көміліп?

Жүргенмен қазір шалқалап,

Кетерсің бір күн жорғалап.

Ақырет күні сұраққа,

Алғанда қалың қаумалап.

Қарқылдап күлген жүзіңнен,

Қанды жас ағар сорғалап.

Қамқор боп жүрген көкең де,

Танымай кетер ары қарап.

Түсінсең мұны әріден,

Кетерсің қазір сауғалап.

Ертеңді ерте ойласам,

Анықтап тұрып жай басам.

Жұмақтың жұпар ауасын,

Жұтарсың иман сайласаң.