192
Аллаға мадақ
Бұл ғаламға көз жүгіртіп қарасаң,
Ғажайыпқа таң қаласың орасан.
Әр ғаламды реттеген жүйемен,
Шеберлігін, жете алмассың санасаң.
Хабар алған жақсы-жаман халіңнен,
Рахымды шексіз Алла бәрінен.
Хикметін сезген момын құлдары,
Сүйген оны жаныменен тәнімен.
Арайлап нұрын шашқан ақ таңды,
Бау-бақшалы,асқар тау мен шатқалды.
Рызық қылып жаратқан ғой біздерге,
Бар әлемнің Раббысы мақтаулы.
Оқысаңыз Қасиетті Құранды,
Жер мен көкті Алла қорғап тұрады.
Жамандыққа азап пен тозақ беріп,
Жақсылыққа нәсіп кәусар бұлағы.
Шексіз-шетсіз Құдіретін білгізген,
Күн мен айды есеппенен жүргізген.
Ақыл менен сана беріп адамға,
Табиғаттың басын оған игізген.
Ей, пенде ойласаңшы ақыретті,
Құлшылық,еккен егін тақылетті.
Тайраңдап тани алмай бір Алланы,
Талай жан жалғыз деммен қапыда өтті.
Алланың бізге берген ол сабағы,
Жамандық көрмейді адам болса арлы.