Previous Page  194 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 256 Next Page
Page Background

194

Игманов Қайрат

Қарағанды облысы,

Саран қаласы.

Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.Ғ.с.)

Бисмилләһир-рахманир-рахим!

Тура қарап хас шындықтың көзіне,

Сезімімді салсам ақыл тезіне.

Барлық мақтау айтылуға тиісті,

Жаратушы, Хақ тағалам, өзіңе!

Иесі, өзің, он сегіз мың ғаламның,

Мен де өзіңнің қалауыңмен жаралдым.

Бар тілегім - құлың болу сүйікті,

Шүкірлікпен тәубә етемін саған мың.

Хақтығыңа, пәктігіңе иландым,

Нұрландырды кәусәр нұры иманның.

Ұлы жиһад мәнін ұғып өзіңнен,

Қанағат қып мен нәпсімді тыйғанмын.

Жындар менен Адам ата тегіне,

Қайырымды жасадың-ау беріле.

Нұрды алып шырақ етіп қондырдың,

Жаратушым, Адамзаттың төріне.

Түре келген қараңғылық түнегін,

Адамзатқа айқара ашқан жүрегін.

Өміріме мән-мағына сыйлаған,

Құл пайғамбар, нұр пайғамбар – тірегім.