Previous Page  196 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 256 Next Page
Page Background

196

Аллаға мадақ

Бұйрықтарды білдіруші айнытпай,

Еш күнәсіз» - сипаттармен көрінді.

Тым жұмсақ та, көркем еді мінезі,

Мейірімге толы еді жүрегі.

Ол келгенде әлем тұтас тебіреніп,

Сыпырылды қараңғылық түнегі.

Жиырма үш жыл жасағанда елшілік,

Көрсетпеді пендеге тән кемшілік.

Жарық нұр боп қуандырды көздерді,

Жауына да сыйлай біліп кеңшілік.

Табылған соң жүрегіне керегі,

Адасқандар Хазіретке сенеді.

«Әшһәду әл-ләә иләһә иллаллаһ» деп,

Соңына оның үмбеті боп ереді.

Толғанбасақ, ізденбесек толмаймыз,

Үлгі алмасақ кемел адам болмаймыз.

Салауат айтып түкпірінен жүректің,

Рақым нұры Мұхаммедке (с.ғ.с.) жолдаймыз!

Ғибраты мол өнегеңді сағынар,

Мұсылманбыз Алла ісіне бағынар.

Әз Пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) арналған,

Үмбетінің салауатын қабыл ал!