Previous Page  195 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 256 Next Page
Page Background

195

Таңдаулы діни өлеңдер

Мәнін ашқан сенің ұлы сырыңның,

Ең абзалы, сүйіктісі құлыңның.

Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы,

Пайғамбарым Мұхаммед (с.ғ.с.) деп ұғындым.

Кей қауымның азғындаған тобыры,

Пайғамбарын жалғаншы деп жорыды.

Әлемдерге рақым етіп жіберген,

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мәртебелі орыны.

Жамандықтың бетін келсе қайтарғың,

Құранды оқы, айығасың, қайтар мұң.

Ол тұп-тұнық хақ рақымын әйгілеп,

Адамзатқа көзін ашты кәусардың.

Әр сөзінен жүрегіңе нұр тұнар,

Нұр тұнар да жақсылыққа ұмтылар.

Аллаһ құлы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қолында,

«Мейірім» атты сиқырлы бір кілті бар.

Сол кілтпенен құлыптарды тот басқан,

Ашқан сәтте күй кешеміз шоқ басқан.

Көңіліміз тазарған соң жұмсарар,

Кеше ғана аумай қалған көк тастан.

Толған айдай нұрға толған жан-жағы,

Қандай нұрлы екі әлемнің Сардары.

Шетсіз, шексіз Ислам дінін теңдессіз,

Әлемдегі бар халыққа арнады.

«Сөзі менен ісі тура, сенімді,

Сөз қисынын тапқан дана, ең ізгі.