Previous Page  199 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 256 Next Page
Page Background

199

Таңдаулы діни өлеңдер

Ол заманда бірін-бірі шектен шығып алдаған,

Иман нұры біреуінің жүрегінде қалмаған.

Соларды да адаспайтын даңғыл жолға шақырып,

Шамасының келгенінше бар жақсылық арнаған.

Басшы қылып арасынан құлдарды да сайлаған,

Біреулердің артық малын пайда үшін алмаған.

Ертеңгі күн жақсылықты бейбіт заман болар деп,

Біздің жарқын болашақты сол заманда ойлаған.

Тура жүрген, ешқашан да күнәлі іске бармаған,

Үмметтерін еш уақыт қиындыққа салмаған.

Жол көрсетіп мына бізді тура жолға шақырды,

Сол бақытты бұл өмірде түсінбейтін бар надан.

Біздер үшін пайғамбарым өнегелі жақсы адам

Соғыстарда батыр болған жауларынан саспаған

Хақты айтып тура жолдан адаспаған жандарды

Таусылмайтын азығы бар жәннат жаққа бастаған

Таусылмайтын өн бойынан ғибараттар табылған,

Таза болған жас кезінен күнәлардан арылған.

Адаспайтын тура жолды біздер үшін қалдырды,

Жан бар ма екен Пайғамбарды

соншалықты сағынған?

Талай жандар Пайғамбарға ғашық болған жасынан,

Менде сондай Пайғамбарды көруге қатты асығам.

Хақты айтып елі үшін еңіреген жандарға,

Жәннәтті Алла бұйырса екен

Пайғамбардың қасынан.

Бұл өмірге сүйкімді боп,сүйікті боп таралған,

Аллаһымның қалауы мен кіршіксіз боп жаралған.

Біздер үшін ғибаратпенен өнегелер қалдырған,

Пайғамбарды көрсем деймін жәннат жақтан

бар арман.