Previous Page  200 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 256 Next Page
Page Background

200

Төреғали Тәшенов,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Алматы қаласы.

Шеберді шебер дегенше,

Алланышебер десейші...

Аспан астын сабалап,

Жердің жүзін сынап бір,

Құйды дейсің жаңалап,

Көктен Алла шырақ нұр.

Дүниеге нұрлана,

Шашқан шуақ – Рақым,

Нағыз шебер – Сен ғана,

Шын құдірет – шын дана!

Сенен ғана іздеймін

Тыныштық пен Еркіндік.

Үмітімді үзбеймін,

Антым осы, сертім нық!

Мойнымда бар аманат,

Әр сағатың сынақ дүр.

Жердің жүзін жаңалап,

Құйып тұрсың шырақ нұр.

Неткен шіркін, ғажап-ай,

Көктен нұр боп тамғаның!

Алтын жіппен найзағай

Атын жазды Алланың.