198
Исаболұлы Манап
Алматы обылысы,
Қарасай ауданы,
Шамалған ауылы,
«Шамалған» медресесінің І курс студенті.
Әз Пайғамбарымыз (c.Ғ.С.)
Бұл өмірде орны бөлек біздер үшін өзгеден,
Кеш туыппын Пайғамбарды көре алмадым көзбенен.
Ал оқырман сабырлықпен өлеңіме құлақ сал,
Пайғамбарды жеткізейін шамам келсе сөзбенен.
Бар адамды жақсылыққа тура жолға шақырған,
Адамдардың күнәларын ешкімге айтпай жасырған.
Үмметі үшін қиыншылық күндерді де өткізген,
Пайғамбардай жан бар ма екен жеке дара асылдан.
Жаман істі әрқашанда өзгелерге қимаған,
Құлдарды да көтермелеп, мейріммен сыйлаған.
Өзгелерге үлгі болар ғибараты білімді,
Айрылмастай ерекше қып, өн бойына жинаған.
Сабырлықпен ертең үшін елдің қамын ойлаған,
Ақиқаттың тамырына тереңінен бойлаған.
Жастарды да қадыр тұтып, үлкендерді құрметтеп,
Мейірленіп күлімсіреп, жетімдермен ойнаған.
Өзгелердің діндеріне шектеу тастап қоймаған,
Хайуанды да құрметтеген шектен шығып соймаған.
Сол заманда төмен болып зат сияқты сатылған,
«Анамыз» деп әйелдерді көтермелеп қолдаған.