191
Жандос Мәдиқажы
СҚО, Ақжар ауданы.
Шеберді шебер дегенше
Алланышебер десеңші
Жаратқан он сегіз мың ғаламды Алла,
Бұйырған құлшылықты барша жанға.
Ғұмыр берген жұмыр жер, пендесіне,
Жаратушы жаббар хақ мінің барма.
Құдіретті бүкіл әлем иесі,
Мақтау мадақ оған ғана тиесі.
Еш ақаусыз пайда болған ғаламның,
Аллаға тән жаратылу жүйесі.
Жеті қатты қабат-қабат жаратқан,
Сол қабатқа өз әмірін таратқан.
Мейірімді барша жанға жасаушы,
Шебер барма жаратушы Әл Хақтан.
Таусылмас пендесіне нығметің,
Жайнатқан бау-бақшамен жердің бетін.
Пендеге күн мен айды сыйға берген,
О, Алла неткен ғажап Құдіретің.
Алла бір, һәм әс-Самад теңдесі жоқ,
Адамзат құлдық қылар пендесі боп.
Сипатын пайымдауың мүмкін емес,
Мұхалләфәтул лил хауадис егесі тек.